«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 26 ақпанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.