2025 жылы 25 ақпанда сағат 15:30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі қар аралас жаңбыр, көктайғақ) республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1474-1806 шақырым аралығына (Айтеке би кентінен бастап Қызылорда қаласына дейін) барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады.