2025 жылы 21 ақпанда сағат 20:00 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігі төмен) республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шакарасынан бастап Арал ауданы, Арал ауданының орталығына дейін) қоғамдық және жүк автокөліктеріне шектеу қойылады.