2025 жылы 17 ақпанда сағат 12:00 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығына дейін) барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу алынды.