2025 жылы 9 ақпанда сағат 03:00 минуттан бастап, Қызылорда облысы ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, нольден төмен температурасы) республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ- Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1912-1474 шақырым аралығына (Шиелі ауданы, Байгеқұм ауылынан Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне дейін) барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.