2025 жылы 9 ақпанда сағат 03:30 минуттан бастап, Қызылорда облысы ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, нольден төмен температурасы) республикалық маңызы бар KAZ 14 «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шидерты» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан бастап, Ұлытау облысының шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.