2025 жылы 6 ақпанда сағат 14:30 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал ауданының орталығына дейін) барлық автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу алынды.