2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 01 : 00 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына (Ақтөбе облысынан Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығына дейін) барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу алынды.