«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 2 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Қызылорда қ.: 2 қаңтарда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.