2024 жылдың 20 желтоқсанында Астана қаласының уақытымен сағат 08:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу алынды.