Меню

Страницы

Статья

Өңірде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды  

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары Қызылорда облысының әкімдігінің мәжіліс залында брифинг ұйымдастырды.

Брифингтің тақырыбы: Өңірдегі өрт қауіпсіздігі.

Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы.

А.Оразбеков: «Жыл басынан өңірде 361 өрт оқиғасы тіркелді, 7 адам қаза болды, 11 адам жарақат алды. Жылу беру маусымында тұрғын секторларда 41 өрт оқиғасы орын алды. Талдау көрсеткендей, оның 22-сі тұрғын үйде орын алған, қалған 19-ы тұрғын үй ауласындағы құрылыстарда, монша, сарай, мал қорада орын алған. Табиғи газдан улану салдарынан 3 адам қаза болды.

Көптеген оқыс жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауынан, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болуда».

Әр аптаның сенбі күні Департаменттің өкілдері, Полиция департаментінің қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің волонтерлері профилактикалық жұмыстарды атқаруда. 41 827 тұрғын үйдің ауласын аралады. 191 кездесу ұйымдастырды, электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану тәртібі туралы  жұмыстарды жүргізді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Газ шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерінің қатысуымен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын (тұрмыстық газ баллондарды) пайдаланудағы қауіпсіздік тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ұйымдар мен білім беру мекемелерінде 165 дәріс, 128 интерактивті және ашық сабақ өткізілді.  «Kundelik.kz» платформасында үнпарақтар жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық материалдар жарияланды, 14 брифинг өткізілді.

 «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» (2024 жылғы 7 тамызда № 78) бұйрық бекітіліп, осы жылғы 15 тамыз-15 қыркүйек аралығында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлерінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Қазіргі таңда, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тізіміне сәйкес, тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты ана және мүгедек жандары бар 5 463 отбасы нақтыланды.

Аталған отбасылардың ішінде жылыту жүйесі табиғи газбен қамтылған үйлерге орнату үшін 484 дана табиғи газды анықтайтын датчик сатып алу мәселесі жерігілікті атқарушы орган тарапынан оң шешімін тапты. Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды, нәтижесі күтілуде. Оған қоса жергілікті бюджет есебінен 160 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынды, олар тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне орнатылды.

 2024 жылғы 19 қарашада «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» Департамент бастығы №148 бұйрықты бекітті, 19 қараша-19 желтоқсан аралығында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
22 ноября 2024
Дата обновления
22 ноября 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы