Меню

Страницы

Статья

Брифинг: «Балық пен аң аулауда нені ескерген жөн?»            

          Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Балық аулаудағы қауіпсіздік» тақырыбында брифинг өткізілді.

          Мақсаты: өңірде өткізілген профилактикалық жұмыстарды жариялау, балық аулаудағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру, су айдыны маңында оқыс оқиғаны болдырмау.

          Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жүгінісов Жандос Шаймұлы.

Жүгінісов: «Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар Министрлігінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағында «Мұз-2024» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты -  тұрғындарға күзгі-қысқы уақыт кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және балық аулау кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу болып табылады. Акция аясында 600-ден астам тұрғынға, оның ішінде облыстың 100-ден астам балықшысына нұсқаулық жүргізілді.

Сондай-ақ, күз мезгілі басталғалы Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша Департамент бастығының бұйрығына сәйкес күнделікті 14:00-ден 19:00 аралығында жауапты сала мамандарын тарта отырып (Полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ҚР Ұлттық Ұлан №5547 ӘБ және еріктілер) рейдтер жүргізілуде.»

Жыл басынан облыста су айдындарында 2838 рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан су айдындарында 9 адам құтқарылды.  Әлеуметтік желіде 401 пост, 183 бейнеролик жарияланды.

Облыста 69 421 оқушыға «Судағы және мұздағы қауіпсіздік ережелері», «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыптарында 321 интерактивтік дәріс, 602 ашық сабақ, 95 практикалық семинар ұйымдастырылды. 295 мектептің басшылары мен мұғалімдеріне судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дәріс өткізілді.

          Сонымен қатар өңірдегі 330 мектептің оқушылары мен олардың ата-аналарына «WhatsApp» желісі арқылы судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері жөнінде бейнероликтер мен жадынамалар жолданды.

          Республикалық Kundelik.kz платформасына судағы (мұздағы) қауіпсіздік жөніндегі жадынамалар мен мақалалар еңгізілді. Kundelik.kz платформасына облыстың  295 мектебінен 100 714 оқушы тіркелген.

Сондай-ақ Облыстық Полиция департаментімен бірлесіп, жыл басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  412-бабы бойынша – 72 адамға айыппұл салынды, осы Кодекстің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 152 адамға ескерту шарасы көрілді. Аталған кодекстің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 256 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп облыс көлемінде профилактикалық жұмыс барысында (ҚР ӘҚБтК 383-бабы бойынша)  418 дерек тіркеліп, айыппұл салынды.

Облыс аумағында суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті аймақтың тізімі тіркелді. Аталған қауіпті учаскілерге 398 ескерту тақтайшасы мен 113 билборд орнатылды.

«Атқарылып жатқан шараларға қарамастан күз-қыс мезгілінде су айдындарында азаматтардың балық аулау кезінде қайғылы оқиғалар орын алуда. Осы ретте, су айдындарында (мұзда), балық аулау кезінде, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Су айдындарында, сондай-ақ балық аулау кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау кезінде ҚР ӘҚБТ Кодексінің 412 бабы бойынша жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады. Су айдындарда, мұзда және балық аулау кезінде қарапайым қауіпсіздік шаралары мен мәдениетті сақтауды сұраймыз»,-деді Ж.Жүгінісов.

 

Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

- Өзіңмен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзіңнің орналасқан орның туралы хабарлағыш құралыңның болғаны жөн;

- Балық аулау орнын мұқият тексеріп, қарап алыңыз;

- Мас күйде балық аулауға қатаң тыйым салынады;

- Қайықтың жарамдылығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау керек;

- Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы тиіс;

- Балық аулауға керекті құрал-жабдықтарды қайықтың немесе кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, шабадан) қайықтың отырғышының астына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
21 ноября 2024
Дата обновления
21 ноября 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы