«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 19 қазанда күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с күтіледі.