«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 16 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 15-16 қазанда күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауаның температурасы түнде 1-3 градус үсік күтіледі. 16 қазанда кей уақытта тұман күтіледі.