«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 27 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 27 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.