Меню

Страницы

Статья

Суға шомылу маусымында атқарылған жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өткізілді

         Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.Тақырыбы: «Суға шомылу маусымында атқарылған жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары туралы».

         Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы аға лейтенант Тұрғанбай Нұржігіт Бердібекұлы.   

         Н.Тұрғанбай: Жыл басынан облыс аумағындағы су айдындарында 21 адам қаза болды, оның 11-і бала. 8 адам құтқарылды.                                                                                                                                                                                                     

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады.

- өзен немесе каналдардың зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі;

-  спирттік ішімдік ішіп, суға түсуі;

- балалардың ересектердің бақылауынсыз өз бетінше су айдынының жағасына баруы, суға түсуі,  жүзе білмеуі;

- рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдану;

-  өзен мен көлдердің жағасында демалыс өткізуі барысында қауіпсіздікті  сақтамау.

Облыс әкімдігінің 2024 жылғы 12 тамыздағы №141 «Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» қаулысына орай өңірде 7 коммуналдық жағажай белгіленді. Арал ауданында «Аққұмшық», Қазалы ауданында «Қашқан су», Қармақшы ауданында «Ғани Мұратбаев», Сырдария ауданында «Қалғандария», Шиелі ауданында «Бәйгеқұм», Қызылорда қаласында «Сыр самалы» және «Сыр толқыны».

Облыста 18 стационарлық, 8 модульдік бассейн бар. Қосымша жеке кәсіпкерлердің жазғы демалыс орындарында 11 стационарлық бассейн бар.

Облыс аумағында жазғы демалыс уақытында 8 балалар лагері жұмыс жасады. Оның 7-еуі мемлекеттік, 1-еуі жеке. Департаменттің қызметкерлері лагердің нұсқаушыларымен бірге 4 мыңнан астам баланы жүзуге тегін үйретті.

Облыста суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті аймақ бар, аталмыш  учаскелерге 398 ескерту тақтайшасы мен 92 билборд орнатылды.

Полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі және еріктілерді тарта отырып, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Рейдтік жұмыстарға дрондар пайдаланылуда. Әсіресе, түнгі мезгілде дрондардың көмегі өте көп.

Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 2112 рейд жүргізіліп, 71 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Профилактикалық жұмыстарға 635 ерікті жұмылдырылды.

Облыс аумағындағы рейд барысында ҚР ӘҚБК 412 бабына сәйкес белгіленбеген орындарға суға түскен жеке тұлғаларға 70 әкімшілік хаттама толтырылды.

          Бұдан бөлек полицияның (ҚР ӘҚБтК-ң 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») және көлік инспекциясының (ҚР ӘҚБтК-ң 584-бабы «Кемелерді ішкі су жолдарында пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу») өкілдері әкімшілік хаттамалар рәсімдеген. Бүгінгі күнге дейін полиция қызметкерлері 152 әкімшілік хаттама, көлік инспекциясының өкілдері 12 әкімшілік хаттама толтырды.

Ерекше атап кететін жәйт, Департаменттің қызметкерлері танымал азаматтармен бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда,  Aveadikus (169 мың жазылушы), In.kyzylorda (64 мың жазылушы), рэпер Bellucci (20 мың жазылушы), айтыскер Мұхтар Ниязов (83 мың жазылушы) секілді блогерлерді профилактикалық іс-шараларға  тарта отырып, тақырыптық бейнероликтер мен үндеуді дайындап, әлеуметтік желіні қолданушылардың назарына су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы насихатталды.

Су айдындарында балалардың қатысымен болатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Балаларды судан қорғайық!» акциясын өткізді. Оған Департамент өкілдері де белсене атсалысты.

Соңында журналистердің қойған сауалдарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
27 августа 2024
Дата обновления
27 августа 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы