Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі айлығының» өткізілу барысы туралы. Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы. А.Оразбеков 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жөнінде, көмірқышқыл және табиғи газға улану жағдайлары туралы айтты. Өткен 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын секторларда 91 өрт орын алған, өрт оқиғасы салдарынан 4 адам қаза болған, 2 адам жарақат алған. «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» бұйрыққа орай 15 тамыздан бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлеріне барып, өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынған тізімге сәйкес тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты ана және мүгедек жандары бар 5 463 отбасының тізімі нақтыланды. Аталған отбасылардың ішінде жылыту жүйесі табиғи газбен қамтылған үйлерге орнату үшін 484 дана табиғи газды анықтайтын датчик сатып алу мәселесі жерігілікті атқарушы органның тарапынан оң шешімін тапты, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды, нәтижесі күтілуде. Профилактикалық түсіндірме жұмыстарын атқару үшін 86 218 тұрғын үй секторының ауласын аралады. 319 рет жиын ұйымдастырылып, электр және газ жабдықтарын, пештерді және газ пештерін орнату, қолдану ережесі туралы түсіндірілді. Сонымен бірге көп қабатты тұрғын үйлердегі жертөлелер мен шатырларды паналап жүрген тұрғылықты тұрағы жоқ адамдардың темекі шегуі және ашық отты пайдалану салдарынан өрт оқиғаларын болдырмау үшін Полиция қызметкерлері мен пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерін қатыстыра отырып, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде рейд ұйымдастырылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Газ шаруашылығы саласындағы ұйымның өкілдерінің қатысуымен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ұйымдардың қызметкерлеріне 350 рет дәріс берілді. Білім беру ұйымдарында 309 рет интерактивті және ашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдеріне 89 рет экскурсия ұйымдастырылды. 2 Соңында журналистердің қойған сауалдарына да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД