Меню

Страницы

Статья

ТЖ кезінде азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық шұғыл көмек көрсету – орталықтың басты міндеті            

         Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында брифинг ұйымдастырылды.

          Брифингтің тақырыбы: «ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығына» - 30 жыл, аталмыш кезеңдердегі филиалдың атқарған жұмыстары туралы».

          Спикер: ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы, дәрігер Сауытбаев Нұрбол Базарбайұлы.

          «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің өңірдегі филиалының негізгі мақсаты – облыста төтенше жағдай орын алған кезде халыққа жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалау.

          Негізгінен Денсаулық сақтау басқармасымен, Төтенше жағдайлар департаментімен,  «112-Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасымен», Республикалық «Апаттар медицинасы орталығымен» тығыз жұмыс жасайды.

          Биыл орталықтың құрылғанына - 30 жыл толды. Аталмыш орталық отыз жыл бойы  төтенше жағдайлар кезінде қиналған жұртшылыққа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Осы мерейтойы қарсаңында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының  филиалының бөлім басшысы Нұрбол Сауытбаев филиалдың атқарған жұмыстарын мәлімдеді.

          - Кез-келген уақытта жол-көлік оқиғаларында,  табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі,  сондай-ақ Трассалық медициналық құтқару пунктіне азаматтардың өздері жүгінген кезде оларға да медициналық көмек беріледі. Қызылорда облысында осындай 3 Трассалық медициналық құтқару пункттері бар. Өңір аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында «Шиелі», «Жосалы», «Әйтеке би» трассалық медициналық құтқару пункттері оқыс оқиғаға тап болғандарға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, нәтижелі  жұмыс жасауда.  

          2024 жылдың 7 айында филиалдың мамандары ТЖ орындарына 189 рет  шұғыл шығып, азаматтарға медициналық көмек көрсеткен. Ал, трассалық медициналық құтқару пункттері 64 рет шұғыл шығулар жасаған. Осындай ізгі істерді атқарып жүрген әріптестерді орталықтың мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын, кәсіби дами беріңіздер, қызметте абырой тілеймін,- деп атап өтті Нұрбол Базарбайұлы.

          Брифинг соңында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

 Баспасөз қызметі

Дата публикации
12 августа 2024
Дата обновления
12 августа 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы