«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша: 7-8 тамызда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
***
7 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші
15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 7 тамызда күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.