Меню

Страницы

Статья

Брифинг    

2024 жылдың 22 шілдесінде  Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Жүгінісов Жандос Шаимұлының қатысуымен «Суға шомылу маусымындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары», «Конго-Қырым геморагиялық қызбасы туралы» тақырыптарында брифинг өткізілді.

        Жыл басынан су айдындарында 15 адам қаза болды, оның 10-ы бала. Өңірде су айдындарында 5 адам құтқарылды. Су  айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады.

Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 1435 рейд жүргізіліп, 46 мыңнан астам адамға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және жадынамалар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 575 еріктілер (волонтёр) жұмылдырылды.

Облыс аумағындағы рейдтер барысында ҚР ӘҚБК 412 бабына сәйкес (су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау) белгіленбеген орындарға суға шомылған жеке тұлғаларға 33 әкімшілік хаттама толтырылды.

         Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, ҚР ҚР ӘҚБтК  туралы Кодексінің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 107 адамға ескерту шарасы көріліп, жоғарыда аталған кодекстің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 2914 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

         «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» бойынша биыл 14 жағдай тіркелді, оның 7-еуі расталды, 1 адам қаза болды.  

         Брифингтің соңында журналистердің қойған сауалдарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
22 июля 2024
Дата обновления
22 июля 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы