Меню

Страницы

Статья

Суға шомылу маусымы және қауіпсіздік шаралары туралы     

     Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

   Тақырыбы:  «Суға шомылу маусымы және қауіпсіздік шаралары туралы».

         Спикерлер: Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Жандос Жүгінісов; Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.

         Жыл басталғалы облыс аумағындағы су айдындарында оқыс оқиға салдарынан 5 адам қаза болды.

Облыс тұрғындары мен қонақтарының жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті сағат 14:00 - 21:00-ге дейін облыс аумағында орналасқан су айдындарында жауапты сала мамандарын тарта отырып (Полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және еріктілер) рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 893 рейд жүргізілді. Оған 368 ерікті (волонтёр) жұмылдырылды.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, суға шомылу маусымы кезеңінде ҚР ӘҚБтК 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 4 адамға ескерту шарасы көрілді.

Балық шаруашылығы инспекциясымен заңсыз балық аулау бойынша 135 дерек тіркеліп, 2 млн 316 мың теңге айыппұл салынды (ҚР ӘҚБ 383-бап «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу»).

Өңірде 4 коммуналдық жағажай, 1 жеке жағажай, 8 балалар демалыс лагері, 19 стационарлы бассейн, 6 модулді бассейн бар.

Су айдындарында қарапайым ережені сақтауды ұмытпаңыз:

Тек арнайы рұқсат етілген орынға шомылу;

Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;

Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;

Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түспеу;

Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтырмау,

Қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;

Суға тек қасында ересектер болғанда ғана шомылу керек, балаларды қараусыз қалдырмау.

Соңында журналистердің қойған сұрақтарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
21 мая 2024
Дата обновления
21 мая 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы