2024 жылдың 2 мамырында Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.
Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу шаралары».
Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы.
А.Оразбеков: «2024 жылдың 4 айында облыс бойынша 118 өрт орын алды, өрт оқиғасынан 3 адам қаза болды, 3 адам жарақат алды.
Өңірде өрт қауіпті кезеңнің басталуы 20 наурыздан бастап белгіленді.
Жыл басынан жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, полиция қызметімен бірлесіп, 23 рейд өткізді. Далалы, тоғайлы аумақта өрттің алдын алу үшін 6 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Ауылдық округ әкімдері, орман шаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалық иелерімен бірлесіп, 84 іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы облыс бойынша барлығы 6 850 шақырымға минералды жолақтарын жүргізу жоспарланған.
Өңірде жергілікті атқарушы органның есебінен 28 өрт сөндіру бекеті құрылған, бекеттер 101 892 тұрғыны бар 89 елді мекенді өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде.»
Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД