«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 27 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 27 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.