Меню

Страницы

Статья

Өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өткізілді

Бүгін – 2024 жылғы 19 наурызда  Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы залында брифинг ұйымдастырылды.

Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі.

Спикер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы.

А. Оразбеков: «Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс аумағында      77 өрт оқиғасы орын алды, өрт оқиғасынан 3 адам қаза болды, 1 адам  жарақат алды. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторларында орын алған. 

Өрт оқиғалары көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырт қарауынан, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуден, балаларды қараусыз қалдырудан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан пайда болуда.

Өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы профилактикалық  іс-шаралар мен рейдтер ұдайы өткізілуде. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Газ шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерінің қатысуымен «Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесі» тақырыбында 8 рет дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Ұйым қызметкерлеріне 75 рет дәріс оқылды.  Білім беру ұйымдарында 83 рет ашық сабақ және  интерактивті сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдерінде 20 рет экскурсия ұйымдастырылды.

Өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы кеңінен насихаттау мақсатында «Kundelik.kz» платформасына қауіпсіздік ережелері жазылған  жадынамалар енгізілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, хостелдер мен жатақханаларда «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Облыс аумағындағы ірі сауда орталықтарында 5 рет өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

         Әлеуметтік желілерде:  департаменттің ресми парақшаларында өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы ақпараттар ұдайы жарияланды.

         Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

         Балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдырмаңыз;

         Ақауы бар электр жабдықтарын, газ пештерін,  газ жабдықтарын қолданбаңыз;

         Ғимарат пен тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, белгіленбеген орындарда темекі шекпеңіз, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыз!».

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
19 марта 2024
Дата обновления
19 марта 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы