Меню

Страницы

Статья

Сырдария өзеніндегі су деңгейі туралы брифинг өткізілді

Бүгін – 2024 жылғы 12 наурызда  Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы залында брифинг ұйымдастырылды.

Тақырыбы: Сырдария өзеніндегі су деңгейі туралы.

Спикерлер:

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы;

 Табиғи ресрустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Акбар Мәріп Шәріпұлы;

«Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының» басшысы Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы;

«Қазсушар»  РМК Қызылорда облысы филиалы директорының орынбасары Асанбаев Айдос Әлібекұлы.

Ж.Түйменов: «Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінің ұзындығы 1 274 шақырымды құрайды. Өзен жағалауында 625,12 шақырымды құрайтын қорғаныш бөгеті бар.

Өткен жылы осы кезеңде Шардара су қоймасынан жіберілген судың көлемі Қызылорда облысының шекарасына 666 текше метр болса, биылғы жылы 240 текше метр су түсуде.

Қазіргі таңда Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары, Қызылорда қаласы маңында дария мұздан толық тазартылған. Қармақшы ауданының маңында мұз өтуде. Қазалы, Арал аудандарында мұздың қалыңдығы 20-30 см. Қазалы аумағында мұзды үгіту- ұсақтау жұмыстары жүргізілуде.

Облыс аумағында барлығы 37 гидротехникалық құрылыс орналасқан.

Сонымен қатар, каналдар мен коллекторлардың бойында 873 су өткізу құрылыстары орналасқан.    Су басу қаупі бар 29 елді мекенде  130 367 тұрғын бар,  21 453 тұрғын үй орналасқан. 59 жинау-эвакуациялау пункті, 69 қабылдау-эвакуациялау пункті дайындыққа келтірілді.

Департаменттің күш-құралдары әзірлікке келтірілген: 118 адам, 25 бірлік техника, 4 жүзу құралы және 33 мотопомпа.

 Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар бойынша 1 инертті материалдар қоры қалыптастырылды: 17,9 тонна жанар-жағармай, 139 902 дана қап, 17 710 бау қамыс, 239 тонна  қойтас және басқалар.

 2024 жылғы 24 қаңтар - 2 ақпан аралығында жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан құрылған жұмысшы топ құрамы облыс аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне жоспарлы тексеру жұмысын жүргізді.

 Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған: 116 мекеме, 364 бірлік техника және 1102 адам бекітілді. Су басу қаупі төнген аумақтағы шаруашылықтарға ескертулер берілді. Қорғаныш бөгеттерінің жағдайы қалыпты.

 Су тасқынының алдын алу бағытында Департаменттің қызметкерлері Сырдария өзеніне жақын орналасқан елді мекендердегі 92235 тұрғынға және 286 шаруа қожалығының иелеріне су басқан жағдайда қауіпсіз аймаққа көшу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді.

Жалпы Департамент және оның аумақтық бөлімшелері ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайын.

Сырдария өзеніндегі жағдай: Облысқа түсіп жатқан судың көлемі 240 м3/секундты құрайды.

Қызылорда су торабынан – 150 м3/сек;

Әйтек су торабынан – 106 м3/сек;

Басықара су торабынан – 120 м3/сек;

Ақлақ су торабынан – 100 м3/сек су өтуде.

Қармақшы ауданы маңындағы дарияда мұз өтуде.».

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
12 марта 2024
Дата обновления
12 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы