Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында жылу беру маусымында қауіпсіздікті сақтау тақырыбында брифинг өткізілді         

2024 жылдың 20 ақпанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

Тақырыптары:  «Жылу беру маусымында қауіпсіздікті сақтау», «Су тасқынын болдырмау».

Спикерлер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі  Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы;

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі  Спанов Бейбітхан Оразайұлы.

Н.Ибрагимов: «Жыл басынан облыс аумағында 54 өрт орын алды, өрт оқиғасынан 2 адам қаза болды, жарақат алғандар саны  1 адам. Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторларында орын алған. 

Жылу беру маусымында табиғи газдан улану салдарынан 1 адам қаза болды, 2 адам тұрмыстық баллондағы газға уланып қаза болды.

Орын алып жатқан жағдайлар көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуда.

Жергілікті атқарушы органдармен, Полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің еріктілерімен бірлесіп,  жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстар мен рейдтер атқарылуда.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Газ шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерінің қатысуымен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын (тұрмыстық газ баллондар) пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесі тақырыбында 10 рет дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Ұйым қызметкерлеріне 250 рет дәріс оқылды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында 220 рет интерактивті және ашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдеріне 60 рет экскурсия ұйымдастырылды.

Жылу беру маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде  ақпараттар жариялануда.  Өрт қауіпсіздігі тақырыбында 18 брифинг өткізілді.

Жылу беру маусымында Полиция департаментімен бірлесіп, хостелдер мен жатақханаларда «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

2024 жылғы 19 ақпаннан бастап «Қауіпсіз сауда» акциясы ұйымдастырылуда. Акцияның басты мақсаты - ірі сауда орталықтарында, базарларда, адамдар көп шоғырланған орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын түсіндіру  және тұрғындарға қауіпсіздік мәдениеті туралы кеңінен насихаттау.

Баршаға ескертеміз:

  • Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау;
  • Ақауы бар электр жабдықтары мен қондырғыларын, газ пештері мен газ жабдықтарын қолданбау;
  • Ғимарат пен тұрғын үйлерде және белгіленбеген орындарда темекі шекпеу және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.».

Б. Спанов: «Су тасқынына қарсы іс-шараларды нақтылау мақсатында 2024  жылғы 24 қаңтар - 2 ақпан аралығында Департаменттің жұмысшы тобы дарияның қорғаныс бөгеттеріне, гидротехникалық құрылыстарға, инертті материалдарға және азаматтық қорғаудың күш-құралдарына қарау жұмысын жүргізді.

Су басу қауіпі ықтимал 29 елді мекен бар, яғни олардағы 21 мыңнан астам тұрғын үйлерде 131 мыңға жуық адам бар. Жағдай күрделенген кезде су тасқынының қаупін жою мақсатында жұмылдыру мақсатында 116 мекеме, 364 бірлік техника, 1 тікұшақ (МИ-8), 1102 адам бекітілген.

Ал, департаменттің күш-құралдары бойынша: 78 жеке құрам, 13 бірлік техника, 1 тікұшақ, 4 жүзу құралдары, 16 бірлік мотопомпа, 7 бірлік электрогенератор дайындыққа келтірілген.

Су басу қаупі бар елді мекендердегі 31 820 тұрғынға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, 12 174 дана үнпарақтар таратылды.

Су тасқыны кезеңінде халықты эвакуациялау мақсатында 59 жинау-эвакуациялау пункті, 69 қабылдау-эвакуациялау пункті дайындыққа келтірілген.

Сырдария өзеніндегі жағдай: Облысқа келіп жатқан судың көлемі 180 м3/сек. Шиелі ауданындағы Қызылқайың елді мекені тұсына дейін өзенде мұз ұстасқан.»

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
20 февраля 2024
Дата обновления
20 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы