2024 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 00:20 минуттан
бастап, Ақтөбе облысының ауа-райының нашарлауына байланысты
(транзиттік жүк көліктердің жинақталуын болдырмау үшін) республикалық
маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-2055,5
шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Түркістан облысының
шекарасына дейін) барлық транзиттік жүк көліктердің қозғалысына уақытша
шектеу қойылды.