2024 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 22:00 минуттан бастап, Ақтөбе облысының ауа-райының нашарлауына байланысты (транзиттік жүк көліктердің жинақталуын болдырмау үшін) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1802 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда қаласы, «Қызылорда» жол сервисі объектісіне дейін) барлық транзиттік жүк көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.