«ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша,
2024 жылдың 7 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 18:40 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, бұрқасын, көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1802-1240 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық транзиттік көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Осыған орай алыс жолға шықпауларыңызды, барынша қауіпсіздік қағидаларын сақтауларыңызды сұраймын.