2024 жылдың 7 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 12:30 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (боран, бұрқасын, көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1360 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.