"Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 6 ақпанда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз күші 15-20 м/с.
Қызылорда қ.: 6 ақпанда жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.