2024 жылдың 2 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 23-тен 10 минут өткеннен бастап, Қызылорда облысы ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қарлы боран және көру мүмкіншілігі төмен) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1360 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.