Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу тақырыбында брифинг өткізілді      

      2024 жылдың 1 ақпанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

Тақырыбы: Дария жағдайы тұрақты, су тасқынынан келер қауіп жоқ.

Спикерлер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы;

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Құрманбаев Марат Ердәулетұлы;

         «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Қазтоғанов Зейнулла.

Н.Ибрагимов: «Сырдария өзеніндегі су деңгейі бірқалыпты. Су өзеннің негізгі арнасымен ағуда. Дегенмен, су тасқынының алдын алу бойынша тиісті шаралар қолға алынуда, су басу қаупі бар 29 елді мекен бақылауға алынды. Аталмыш  елді мекенде 21 мыңнан астам тұрғын үй бар, 130 367 азамат қоныстанған.

Сырдария өзенінде су тасқыны орын алған жағдайда қауіптің алдын алу, оны жою мақсатында 116 мекеме, 364 техника, 1000-нан астам қызметкер жұмылдырылатын болады. Бұған қоса 25 арнайы техника, 4 жүзу құралы, 33 мотопомпа бар. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорда 117,9 тонна жанар-жағармай, 139 902 дана қап, 17 710 бау қамыс, 5 865 дана пашын мен 239 тонна қойтас, 2 381 дана қарабура бар. Сонымен қатар, тасқын кезінде халықты шұғыл эвакуациялау мақсатында 59 жинақтау-эвакуациялау пункті, 68 қабылдау пункті дайын.»

М.Құрманбаев: «1 ақпандағы жағдай бойынша Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілуде. Сондай-ақ, Қызылорда су торабынан секундына 100 текше метр су өтуде. Арал ауданынан бастап Қызылорда қаласына дейін мұз толықтай ұстасқан. Жаңақорған ауданының аумағында өзен беті мұздан таза. Шиелі ауданы Қарғалы елді мекені тұсындағы өзеннің арнасынан 30 пайыз күр жүруде. «Қазгидромет» филиалының мәліметіне сәйкес, өзен арнасындағы мұз шамамен наурыз айының бірінші онкүндігінде қозғалады деп күтілуде. Осыған сәйкес, қала мен аудан әкімдіктері және жауапты сала қызметкерлері күнделікті өзен деңгейіне мониторинг жұмысын жасауда. Бүгінгі күні өзеннің жағдайы бірқалыпты, қауіп жоқ.»

З.Қазтоғанов: «Шардарадан жоғары орналасқан су қоймаларында жинақталған су көлемі 14,335 млрд м кубты құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,027 млрд м кубқа артық. Қазіргі таңда су тасқыны ықтимал деген қауіп жоқ. Сондай-ақ, қорғаныс бөгетіне дейін су жайылған жоқ. Бөгеттердің биіктігі 2,5-3 метр. Ал, Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесі күнделікті бақылауда.»

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы