2024 жылдың 2 ақпанында Астана қаласының уақытымен 00 сағат 30 минуттан бастап, Қызылорда облысы ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қарлы боран және көру шектеу) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1911-2055,5 шақырым аралығына (Шиелі ауданынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.