2024 жылдың 1 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 08-ден 10 минут өткеннен бастап, Қызылорда облысы ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-2055,5 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу алынды.