2024 жылдың 13 қаңтарында Астана қаласының уақытымен 04 сағат 40 минуттан бастап Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1939-1806 шақырым аралығына (Шиелі ауданы, Шиелі кентінен, Қызылорда қаласына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу алынды.