Меню

Страницы

Статья

Мереке күндеріндегі ахуал туралы брифинг өткізілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг ұйымдастырылды.

Тақырыбы: Мереке күндері күшейтілген режимде қызмет еткен мекемелердің қызметі туралы.

Спикерлер:

Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқарау басқармасының бастығы Досжан Исабек Болатұлы:

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінiң басшысы Төлегенова Айгүл Асылбекқызы; 

Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығының» директоры Бүркітбаев Руслан Бейбітбекұлы.

И.Досжан: «Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы №172 бұйрығына сәйкес департаменттің жеке құрамы «Жаңа жыл» мерекесі уақытында (2023 жылғы 30 желтоқсан-2024 жылғы 3 қаңтар аралығында) күшейтілген режимге көшірілді.

Департаменттің жауынгерлік есебінде: 171 қызметкер, 42 бірлік техника, 1 тікұшақ, 3 қайық, 1 кинологиялық есеп қызмет атқарды.

Аталмыш уақытта өңірде жағдай тұрақты болды.

Департаменттің құрылымдық бөлімдері 16 рет түрлі оқиғаларға шықты.

Өрттерге – 9 рет, өртке жатпайтын жану оқиғаларына – 10 рет,

Авариялық - құтқару жұмыстарына – 4 рет,

Өзге де оқиғаларға – 4 рет шықты.

Құлыпталып қалған пәтердің есігін ашып, 2 жасөспірімді құтқарды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 4 адамды ауруханаға жеткізді.

Облыс және аудан орталықтарында орналастырылған жаңа жылдық шыршаларға кезекшілік ұйымдастырылды, оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облыстық филиалынан 2 рет дабылды ескерту тіркелді (тұман, көктайғақ).

«ҚазАвтоЖол» РМК Қызылорда облыстық филиалынан облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуы туралы ақпарат түскен жоқ.

Сырдария өзені бойынша:

Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына 400м3/сек су жіберіліп жатыр. Жаңақорған, Шиелі аудандарының тұстары мұздан таза, Қызылорда су торабынан жоғары Сырдария ауданына қарасты аумақтан төмен қарай мұз ұстасқан, мұздың қалыңдығы 5-30 см аралығында.»

А.Төлегенова: «1 қаңтарда сағат 00:00-ден таңғы 06:00-ге дейін облыста 9 нәресте дүниеге келді. Оның 4-еуі облыстық периниталдық орталықта туылса, қалған 5-еуі облыс деңгейіндегі босану бөлімшелерінде дүниеге келді. Дүниеге келген сәбилердің 5-еуі ұл бала, 4-еуі қыз бала. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы. Дәрігерлердің бақылауында.»

Р.Бүркітбаев: «2023 жылдың 31 желтоқсаны – 2024 жылдың 2 қаңтары аралығында 600 өтінім келіп түсті (555 өтінімі орындалған, 45 өтінім регламентке сәйкес жұмыс барысында) оның ішінде:

– 146 электрмен жабдықтауға;

– 84 су жүйесіне;

– 53 жылу жүйесіне;

– 56 табиғи газға;

– 20 тұрғын үйге;

– 22 көше жарығына;

– 8 қала тазалығына;

– 5 ветеринарлық қызметіне;

– 4 қоғамдық көлікке;

– 202 анықтамалыққа қатысты хабарламалар келіп түсті.

Облыс бойынша жағдай тұрақты, ешқандай аппаттық қоңыраулар түскен жоқ.».

Қызылорда облысы ТЖД

 

Дата публикации
04 января 2024
Дата обновления
04 января 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы