«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 22 желтоқсанда Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ сақталады. Жел шығыстан соғады, облыстың шығысында түнде және таңертең күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 22 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ сақталады. Жел шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.