2023 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен 01 сағат 30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1362-1563 шақырым аралығына (Арал ауданы орталығынан Қармақшы ауданы, Төретам кентінінің аумағына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу алынды.