2023 жылдың 20 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен 20 сағат 40 минуттан бастап, Қызылорда облысы ауа-райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, температураның төмендеуі) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1362-1563 шақырым аралығына (Арал ауданы орталығынан Қармақшы ауданы, Төретам кентінінің аумағына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.