2023 жылдың 20 желтоқсанында Астана қаласы уақытымен 03 сағат 30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1361-1650шақырым аралығына (Арал ауданы орталығынан Қармақшы ауданы транспорттық жол айырығына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу алынды.