2023 жылдың 19 желтоқсанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.
Тақырыбы: Мұзда қауіпсіздікті сақтау.
Спикер: Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы капитан Жүгінісов Жандос Шаймұлы.
Ж.Жүгінісов: «Балық аулау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау мақсатында жыл басынан 2452 рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
94214 дана жадынама таратылды. 633 қызметкер, 281 ерікті (волонтер) профилактикалық жұмыстарға жұмылдырылды.
Жыл басынан облыстың су айдындарында 34 адам қаза болды.
Облыс аумағындағы су айдындарында құтқарушылар 3 адамды құтқарды.
Қала аумағында адам көп шоғырланған орындарда дауысзорайтқыштары арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілуде.
Әлеуметтік желі парақшаларында ақпараттар мен роликтер жарияланды.
Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде профилактикалық жұмыс барысында азаматтардың заңсыз балық аулау бойынша 344 дерек тіркелді. Аталмыш фактіге сәйкес 5 млн 097 мың 100 теңге айыппұл салынды. (ҚР ӘҚБ 383-бап «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу»).
Қыс мезгіліндегі балық аулау кезінде азаматтардың сақтауға тиісті қарапайым ережелері төмендегідей:
- балық аулау және шағын көлемді кемелермен аңшылық кезінде, қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған ыдыстың болуына көз жеткізу қажет;
- түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады;
- мұз астынан балық аулаған кезде 2-ден артық шұңқыр тесуге және от жағуға болмайды;
- қайықтың жарамдылығын, оның құтқару жилетімен, шеңбермен және тб жабдықталуын тексеру қажет;
- өзімен бірге дәрі-дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс.
- кемелерде, моторлы және қарапайым қайықтарда жеке құтқару құралдарынсыз отырған адамдарға ескерту шарасы көріледі немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 583-бабына сәйкес) салынады;
Сондай-ақ қыс мезгілінің жақындауына байланысты мұздағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:
- мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға болмайды;
- мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жиналуға болмайды;
- мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға болмайды;
- мұз үстіне көлікпен шығуға болмайды;
- мұз үстінде түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.»
Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД