19.12.2023 жылдың Астана қаласы уақытымен 07 сағат 00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1474-1719 шақырым аралығына (Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі транспорттық жол айырығына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу алынды.