Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов облыс тұрғындарына қазіргі кездегі ауа райының қолайсыздығына, желдің болуына орай көшеде және тұрмыста қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін ескертті. Қазгидромет филиалының хабарлауынша 14-15 желтоқсанда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы ТЖД