Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында қыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары тақырыбында брифинг өткізілді

жылдың 4 желтоқсанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде
брифинг өткізілді.
Тақырыбы: Қыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Спикер: Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының
орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы;
Б.Әбдіқадыров: «Қыс мезгілі басталғанға дейін Полиция департаменті және
"Қазавтожол" АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, комиссия құрдық, онда қыс мезгілінде
облыстың автожолдарында «ДЭУ» мен жергілікті атқарушы органдардың ТЖ
ықтимал төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.
Облыс аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының
ұзындығы 3420 км, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1016 км., жергілікті
– 2404 км. Қысқы кезеңдегі ТЖ жою үшін 143 техника, 118 дербес электрмен
жабдықтау көздері дайындыққа келтірілді. Қар құрсауында қалған азаматтар үшін
облыс аумағында автожолдар бойында 12 жылыту пункті бар.
Қысқы кезеңде ТЖ жоюға тартылатын ТЖД күштері мен құралдары жоғары
дайындыққа ауыстырылды, ықтимал ТЖ алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-
шаралар жалғасуда.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметінде» 114 техника бар. Шұғыл шығу үшін 19 техника және жеке құрамның
92 адамы дайындыққа келтірілген. Жалпы ТЖД мен аумақтық бөлімшелер
тұрақты дайындықта және негізгі күш-құралдар ТЖ алдын алуға бағытталған.
Жергілікті атқарушы органмен, полиция департаментімен,
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ қоғамдық бірлестіктерімен (200-ге жуық еріктілермен)
бірлесіп, тұрғын үй секторы мен жатақханаларда, сондай-ақ адамдар көп
шоғырланатын обьектілерде профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Жылу беру маусымының басынан бастап 35 000 тұрғын үй секторының
ауласы араланып, 180 кездесу өткізілді. Азаматтарға тұрмыстық электр аспаптары
мен жылытқыштарды, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі
ережелерін түсіндіріп, оларға жадынамалар тапсырылды.»
Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап
берілді.


Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
04 декабря 2023
Дата обновления
04 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы