2023 жылғы 28 қарашада Департаменттің Азаматтық қорғаныс сыныбында Департамент бастығының орынбасары - кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлының төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы мен психологы Қуаныш Мадина Қуанышқызы шақырылды.
Оған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің, өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары мен қызметкерлері ZOOM қосымшасымен онлайн режимде қатысты.
Қызылорда облысы ТЖД