Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда облысы Қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің 68- мекемесін аралау іс-шарасын ұйымдастырды.
Мұнда болуды ешкімге де тілемейсің. Жабық арнайы мекемені аралаудан бұрын 30 адамнан құралған топқа изоляторда болу ережесі таныстырылып, байланыс құралдарын өшіріп қоюды сұрады. Содан кейін мекеме өкілдерінің қатысуымен тұтқындарға арналған камералар, ішкі тәртіпті бұзғандарға арналған камералар (карцер), сондай-ақ тергеу жасау және қамауға алынғандармен кездесу бөлмелері көрсетілді.
Іс-шараны қорытындылай келе, полиция қызметкерлері ТЖД қызметкерлерінен өздерінің әсерлерімен бөлісуді сұрады. Өз кезегінде қызметкерлер: “құқық бұзушылықты болдырмау қажет”,-деді.
Қызылорда облысы ТЖД