«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 16 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік.
Қызылорда қ.: 16 қазанда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.