Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі 105, электрондық мекенжайы: Spasr_kyzl@emer.kz ok_spasr_kyzl@emer.kz тел: 8 (7242) 23-62-60, факс 23-62-60 құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері – 7 бірлік. Оның ішінде: Қызылорда қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне – 1 бірлік, Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне – 2 бірлік, Қызылорда қаласы №5 өрт сөндіру бөліміне – 2 бірлік, Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік және Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік.
Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты (экологиялық коэффицентін және арнайы атағын қоспағанда) 206,806 тенге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Өрт сөндіру автомобилінің жүргізуші қызметкері:
оған бекітілген өрт сөндіру автомобилінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі;
жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындайды және бөлімнің жарақтануында бар барлық типті өрт сөндіру автомобильдерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара алады;
барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ арнайы автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей біледі, өрттерде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іс-қимыл жүргізу жағдайларында олардың техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана біледі;
қызмет өткеру, өрт сөндіру автомобильтерін пайдалану, оларды жөндеу және ТҚ барысында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын орындайды;
ұйқыға жатқанға дейін қарауыл ішкі наряд адамдарының міндеттерін орындайды;
бекітілген техникалардың барлық ақаулықтары туралы бөлімше командиріне баяндайды және оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдайды.
Өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен оған бекітілген өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу құқығына куәлігі жоқ жүргізуші кезекшілікке жіберілмейді.
Жүргізушіге басқа адамдарға, өзі бағынатын адамдарды адамдарды қоса алғанда көлік құралдарын басқаруға беруге және өрт сөндіру автомобилінің оталдыру құлпында оталдыру кілтін қалдырып кетуге тыйым салынады.
Құқық қорғау органдарына қызметке орналасуға негізгі мынадай талаптар қойылады:
Жасы – 35 жастан аспаған. Жалпы орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Арнайы дыбыс және жарық дабылдарымен жабдықталған өрт сөндіру автомобильдерін (Зил, Камаз, Урал) жүргізуге транспорттық құралдардың сәйкес категориясы бойынша бекітілген үлгіде куәлік алған жүргізушілер ғана жіберіледі (категория «В»,«С»).
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы №207 бұйрығы бойынша өтеді.
Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
2-1) тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
11) спорттық разрядтың бар екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.
Бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға осы Қағидалардың 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген іріктеу кезеңдері басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Байқаушыларға іріктеу комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын іріктеу рәсімдеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушылар дауыс беруге қатыспайды және іріктеу комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген адамдарға жазбаша нысанда бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен 10 (он) жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі №105 мекен-жайында (Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі) жергілікті сағат: 09.00.ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.