Меню

Страницы

Статья

Жылыту маусымына дайындық және табиғи газды қауіпсіз пайдалану тақырыбында брифинг өткізілді    

2023 жылдың 2 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде жылыту маусымына дайындық сұрақтарына орай брифинг өткізілді. 

Брифингтің тақырыбы: «2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және табиғи газды қауіпсіз пайдалану іс-шаралары туралы». 

Спикерлер: Қызылорда облысының  Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы;

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы техникалық-өндірістік бөлімінің басшысы Бектұрғанов Ислам Аймұрзаұлы;

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының апатты-диспетчерлік қызметінің басшысы Ерімбетов Базарбек Өтебекұлы.

А. Оразбеков: 

“Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығын, қоғам мүлкін,  қоршаған ортаны өрттен қорғау мақсатында іс-шаралар атқаруда.

Өткен 2022 – 2023 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторларында 150 өрт оқиғасы орын алды.

Өрт оқиғасы салдарынан 7 адам қаза болды 4 адамзардап шекті

Көмірқышқыл газынан улану салдарынан 1 адам жарақат алды. 

Табиғи газбен улану салдарынан 2 адам жарақат алды.

Орын алған жағдайлар, көптеген жағдайларда тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережесін орындамаудан, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуден, балаларды қараусыз қалдырудан орын алуда.

Жылу беру маусымына дайындық кезеңінің басталуына байланысты «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» бұйрық бекітілді. Соған орай Қызылорда облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, мүгедектігі бар 8 243 тұрғын үй тізімін нақтылады. Аталмыш тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. 2019 жылдан бастап сондай 7 250 отбасының тұрғын жайына көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды.

2023 жылғы 19 қыркүйекте «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу туралы» бұйрық бекітіліп, профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Жылу беру маусымына дайындық қарсаңында 4 766 тұрғын үй секторы араланды. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында 115 рет кездесу ұйымдастырылды. Электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану барысында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

Профилактикалық іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардан 47 қызметкер тартылып, олармен бірлесіп 1 729 тұрғын үй араланды. Оған сонымен бірге жастар орталығынан, мемлекеттік емес ұйымдардан 64 ерікті қатысты.

Өрт қауіпсіздігін сақтау тақырыбында баспасөзде 64 мақала жарияланды, телеарнада 10 сұхбат ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарында  124 мекеменің 6628 қызметкері мен оқушыларын қатыстырып, 30 рет интерактивтік және ашық сабақ өткізілді.

Сонымен қатар облыстық, қалалық,  аудандық әкімдіктерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстары өткізіліп, онда өрт қауіпсіздігі тақырыбы қамтылды”.

Брифингтің соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына да жауап берді. 

 Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
02 октября 2023
Дата обновления
02 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы